жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Актриса Анджелина Джоли Украинаға алдын ала хабарламай барған

Актриса Анджелина Джоли Украинаға алдын ала хабарламай барған
Фото: Oli Scarff/Getty Images
Ол бронежилет киіп, бірнеше медициналық мекемелерді аралаған. Сонымен қатар Херсонның әскери әкімшілігінің басшысы Ярослав Шаньконың оған естелікке медаль табыс етіп жатқан видеосы жарияланды.

Актриса Херсонға арнайы сапар жасап, жергілікті балалармен және билік өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ол бронежилет киіп, бірнеше медициналық мекемелерді аралаған. Сонымен қатар Херсонның әскери әкімшілігінің басшысы Ярослав Шаньконың оған естелікке медаль табыс етіп жатқан видеосы жарияланды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Джолидің Украинаға сапары кезінде оның жүргізушісі ТЦК-ға шақырылған. 

УНИАН агенттігінің дерегінше, блокпостта тексеру кезінде 1992 жылы туған адамның әскери есеп құжаттары жоқ екені анықталған. Ол резервтегі офицер болып табылады, бірақ кейінге қалдыруға еш негіз болмаған. Агенттіктің мәліметінше, енді азамат П. мобилизация бойынша әскери қызметке дайындалуда.

Желіде тараған кейбір видеоларда Джолидің ТЦК-ға өзі барып, жүргізушісін қорғауға тырысқаны көрсетілген. Дегенмен УНИАН агенттігі хабарлағандай, барлық жағдай анықталғаннан кейін актриса өз жоспарланған сапарын жалғастырған, ал ол немесе оның өкілдері ТЦК қызметкерлерінің жұмысына әсер етпеген.

АҚШ-тағы Politico басылымының мәліметінше, Анджелина Джоли Украинаға баруды жергілікті билікке алдын ала хабарламаған, ал шекараны жаяу кесіп өткен.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар