жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Австралиялық ғалымдар ежелгі киттің жаңа түрін тапты

Австралиялық ғалымдар ежелгі киттің жаңа түрін тапты
Janjucetus dullardi түріндегі киттер / Фото: Museums Victoria
The Guardian сайтының хабарлауынша, Австралиялық ғалымдар бұрын белгісіз болған ежелгі кит түрін анықтаған.

Бұл киттің жаңа түрі Janjucetus dullardi деп аталды. Атауы – Ян-Джук жағажайында серуендеп жүрген кезде жануардың қазба қалдықтарын тауып, оларды ғалымдарға тапсырған жергілікті тұрғын Росс Дуллардың құрметіне қойылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл киттер көлемі жағынан дельфиндерге ұқсас болған. Ересек даралары шамамен үш метрге дейін өскен. Олардың көзі теннис добындай үлкен, тұмсығы қысқа және терең тамырланған тістері болған. Өткір тістерінің болуы оларды қазіргі туыстары саналатын мұртты киттерден мүлде өзгеше еткен.

"Бұл шынында да түрі сұсты кит болған, жеке өз басым онымен суда жолығуды қаламас едім", – дейді Виктория ғылыми-зерттеу институты музейінің палеонтология бөлімінің аға кураторы Эрих Фицджеральд.

Ғалымдардың бағалауынша, бұл киттер Жер бетінде шамамен 25 миллион жыл бұрын тіршілік еткен.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар