Әлемде
«Қазақконцерт» әртістері Венада өткен «Түркі апталығында» өнер көрсетті
- авторБақытжан Бекболат
- 23 қаңтар, 2026
- 170
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұжымы Аустрияда өткен «Түркі апталығында» өнер көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Белгілі хореограф Әнел Марабаева «Аққу» биін билесе, дарынды опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Алқоңыр» әнін орындады. Сонымен қатар қазақстандық «Temirlan & Yernat» тобы «Аlem» күйін орындады.
Бұл мәдени іс-шара Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) қызметін таныстыру аясында ұйымдастырылды.
Апталықта түркі халықтарының бай мәдени мұрасы, ұлттық музыкасы мен би өнерінен сыр шертетін әсерлі қойылымдар көрсетілді.
«Түркі апталығы» аясында ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің шығармашылық ұжымдары қатысқан концерттік бағдарлама өтті. Концертке Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің өнерпаздары қатысты.
Келесі мақала
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Нетаньяху: Газа секторында палестиналық мемлекет құрылмайды
- авторБақытжан Бекболат
- 28 қаңтар, 2026
Әлемде
Нипах вирусы: Үндістанда емі жоқ қауіпті инфекция таралуда
- авторБақытжан Бекболат
- 26 қаңтар, 2026






