жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бразилияның бұрынғы президенті 27 жылға сотталды

Бразилияның бұрынғы президенті 27 жылға сотталды
Фото: ВВС
Болсонарудың адвокаттары үкімді «абсурдтық деңгейде» деп атап, «халықаралық деңгейде» шағымдануға уәде берді

Бүгін Бразилияның экс-президенті Жаир Болсонару 27 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ВВС жазуынша, Бразилияның Жоғарғы сотындағы судьялар алқасы Болсонаруды 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін әскери төңкеріс жасауға әрекет етті деп танығаннан кейін көп ұзамай үкім шығарды. 

Болсонарудың адвокаттары үкімді «абсурдтық деңгейде» деп атап, «халықаралық деңгейде» шағымдануға уәде берді.

Жоғарғы Соттың бес судьясының төртеуі 70 жастағы Болсонаруды 2022 жылғы сайлауда солшыл қарсыласы Луис Инасио Лула да Сильвадан жеңіліп қалғаннан кейін өз билігін сақтап қалу үшін қастандық жасауға әрекеттенді деп айыптады. Судьялар экс-президент әскерден жеткілікті қолдау ала алмағанымен, оның әрекеті Болсонару жақтастарының 2023 жылдың 8 қаңтарында үкіметтік ғимараттарға басып кіруімен аяқталғанын айтты. 

Судьялардың бірі Болсонаруды ақтады. Бірақ экс-президенттің ісіне баға беру үшін көпшіліктің дауысы жеткілікті болды. 

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар