жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Disney «Аватар 3» фильмінің ресми трейлерін жарыққа шығарды

Disney «Аватар 3» фильмінің ресми трейлерін жарыққа шығарды
Фото: 20th Century Studios
Фильм 19 желтоқсаннан бастап кинотеатрларда көрсетіледі

Disney компаниясы Джеймс Кэмеронның «Аватар: От пен күл» атты жаңа фильмінің ресми трейлерін ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Фильм 19 желтоқсаннан бастап кинотеатрларда көрсетіледі.

Фантастикалық франшизаның бұл бөлімінде режиссер көрермендерді Пандора ғаламына қайта алып кетіп, Джейк Салли (Сэм Уортингтон) мен На’ви жауынгері Нейтиридің (Зои Салдана), сондай-ақ Салли отбасының басынан кешкен жаңа оқиғаларымен таныстырады.

Фильмде басты рөлдерде Сигурни Уивер, Стивен Лэнг, Уна Чаплин, Клифф Кёртис, Бритен Далтон, Тринити Блисс, Джек Чемпион, Бейли Басс және Кейт Уинслет ойнайды.

«Бұл жолы сіз Пандораның бұрын-соңды болмаған бөліктерін көресіз. Бұл нағыз ессіз шытырман оқиға болады, эмоциялық шиеленіс өте жоғары», – деген болатын режиссер Джеймс Кэмерон жаңа фильм жайлы.

Айта кетейік, франшизаның алғашқы бөлімі – «Аватар» 2009 жылы 18 желтоқсанда жарыққа шыққан және әлем бойынша 2,9 миллиард доллардан астам табыс жинап, барлық уақыттағы ең табысты фильмге айналған.

Ал екінші бөлім – «Аватар: Су жолы» 2022 жылы 6 желтоқсанда Лондонда, ал 16 желтоқсанда АҚШ-та көрсетілді. Бұл фильм де үлкен табысқа жетіп, әлемдік прокатта 2,3 миллиард доллардан астам жинап, 2022 жылдың ең табысты фильмі және кино тарихындағы үшінші орында тұрған туынды атанды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар