жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуропада тағы бір мемлекет орыс тілінен бас тартып жатыр

Еуропада тағы бір мемлекет орыс тілінен бас тартып жатыр
Pixabay.com
Мектептердегі мамандардың айтуынша, оқушылар ағылшын, француз, испан тілдерін және тіпті латын тілін таңдауға көбірек бейім

Соңғы жылдары Еуропа елдерінде орыс тіліне деген қызығушылық біртіндеп азайып келеді. Бұл үрдіс әсіресе білім беру саласында байқалуда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz rbb-ға сілтеме жасап.

Бұған бірнеше фактор әсер етіп отыр: саяси жағдай, ұрпақ ауысуы және тілдік саясаттың өзгеруі. Жақында жарияланған деректерге сәйкес, Германияда орыс тілін шет тілі ретінде оқытатын мектептер саны күрт қысқарған.

1992 жылы Германияда 565 мың оқушы орыс тілін шет тілі ретінде оқыса, 2020 жылы (соңғы қолжетімді дерек бойынша) бұл көрсеткіш 94 мыңға дейін қысқарған. Оның ішінде 70 пайызы Германияның шығыс аймақтарында тұрады. ГДР кезінде бұл өңірлерде орыс тілі міндетті пән болып, бірінші шет тілі ретінде оқытылатын. Берлин қабырғасы құлап, Германия қайта біріктірілгеннен кейін орыс тіліне деген қызығушылық біртіндеп азая бастаған.

Мысалы, 20 жыл бұрын Бранденбург жеріндегі гимназиялардың 87 пайызында орыс тілі бағдарламада болса, бүгінде бұл көрсеткіш 33 пайызға дейін төмендеген.

Мектептердегі мамандардың айтуынша, оқушылар ағылшын, француз, испан тілдерін және тіпті латын тілін таңдауға көбірек бейім. Ал ГДР заманында орыс тілін оқытқан мұғалімдер зейнетке кетіп жатыр, олардың орнын басатын мамандар жоқ.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар