жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Гарвард пен Ақ үй арасындағы дауды шешу үшін университет 500 млн доллар төлеуге дайын – NYT

Гарвард пен Ақ үй арасындағы дауды шешу үшін университет 500 млн доллар төлеуге дайын – NYT
studylab.ru
The New York Times деректеріне сүйенсек, Гарвард университеті Ақ үймен арадағы дауды реттеу үшін 500 миллион доллар көлемінде төлем жасауға әзір. Алайда бұл қаражат қандай жолмен берілетіндігі әзірге белгісіз.

Басылымның дереккөздері Гарвардтың федералдық үкіметке тікелей төлем жасағысы келмейтінін айтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сондай-ақ университет басшылығы келісімдердің орындалуын қадағалау үшін сыртқы бақылаушыны тарту бастамасына күмәнмен қарап отыр. Гарвард мұндай талапты "қызыл сызықтан өту" және оқу орнының академиялық еркіндігіне қол сұғу деп қабылдауы мүмкін екенін аңғартты.

Трамп әкімшілігі Гарвардтан басқару жүйесін реформалауды, қабылдау саясатындағы өзгерістерді, оқытушылар құрамын қайта тексеруді және антисемитизмге қарсы шараларды күшейтуді талап етіп отыр. Университетке шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынған. Бұл шешімді Гарвард сотқа берген.

Өткен аптада Колумбия университеті еврей студенттерін қорғау бағытында жеткілікті шара қолданбағаны үшін 200 миллион доллар айыппұл төлеуге келіскені белгілі болды. Қарсы шарт ретінде АҚШ билігі оқу орнының бұғатталған гранттарын қайта қарастырады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар