Әлемде

Газадағы атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді

Бұл туралы Ynet басылымы мәлімдеді

Газа секторында Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасындағы атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Келісімге сәйкес, алдағы демалыс күндерінен бастап ХАМАС Газа аумағының шамамен 70 пайызын қайта бақылауына алады. Ал Израиль Қорғаныс армиясы әскерін аймақтан кезең-кезеңімен шығара бастайды.

Сонымен қатар Израиль түрмелерінен 2 мыңнан астам палестиналық тұтқын босатылады. Олардың ішінде өмір бойына сотталған 250 адам бар.

Өз кезегінде ХАМАС тірі қалған израильдік тұтқындарды 72 сағат ішінде босатуға міндеттелді. Келісім аясында Газа шекарасында гуманитарлық көмек жеткізу үшін 5 өткізу бекеті ашылады.

Айта кетейік, атысты тоқтату туралы келісімге қол қою мақсатында АҚШ президенті алдағы күндері Мысырға бармақ.