Әлемде

Иран Катардағы америкалық базаны зымыранмен атқылады

Катар Иранның бұл әрекетін айыптап, оны елдің аумақтық тұтастығы мен әуе кеңістігін бұзу деп бағалады.

АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысына жауап ретінде Иран Катардағы Аль-Удейд америкалық әуе базасына зымыранмен шабуыл жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

Катардың Қорғаныс министрлігі америкалық Аль-Удейд әуе базасына бағытталған зымыран шабуылын елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері сәтті тойтарғанын мәлімдеді, деп жазады CNN. Министрлік шабуылдан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ екенін айтты.

Катар Иранның бұл әрекетін айыптап, оны елдің аумақтық тұтастығы мен әуе кеңістігін бұзу деп бағалады.

Доха тұрғыны (Катар астанасы) қалада қатты жарылыстардың болғанын айтып, жергілікті билік азаматтарды қауіпсіз жерге көшуге ескерту жасамағанын жеткізді.

Әлеуметтік желілерде Доха көшелерінде дүрбелең туындаған видеолар тарап жатыр. Адамдар үреймен жан-жаққа қашып жатыр.