жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Иран ядролық инфрақұрылымын бұрынғыдан да қуатты етіп қалпына келтірмек

Иран ядролық инфрақұрылымын бұрынғыдан да қуатты етіп қалпына келтірмек
Фото: KAMRAN gholami / Unsplash
13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасаған еді

Иран ядролық инфрақұрылымын қысқа мерзімде қалпына келтіруге ниетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент Масуд Пезешкианның мәлімдеуінше, АҚШ соққысынан зақымданған нысандар жақын уақытта бұрынғыдан да жетілдірілген түрде қайта іске қосылады.

Сонымен қатар Масуд Пезешкиан бұл жағдайды апат деп есептемейтінін айтып, елдің ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсаттарға бағытталғанын тағы да атап өтті.

«Жауларымыз Иран ядролық қару жасауда деген жалған ақпарат таратуда. Алайда Жоғарғы көшбасшының пәтуасына сай, ядролық қару өндіру мен қолдану діни тұрғыдан рұқсат етілмейді», – деді Пезешкиан.

Еске сала кетсек, 13 маусымда Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасаған. Ал 22 маусымда АҚШ Натанз, Фордо және Исфахан қалаларындағы үш ірі ядролық объектіні атқылады. Бұдан кейін Тегеран Қатардағы америкалық әскери әуе базасына жауапты шабуыл ұйымдастырған еді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар