Әлемде
Испания короліне валенсиялықтар балшық лақтырып, шабуыл жасады
- авторМағжан Орынбасар
- 4 қараша, 2024
- 292
Король бұл аймаққа жойқын су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау үшін келген
Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа барған Испания королі Филипп VI мен оның әйелі Летицияға валенсиялықтар шабуыл жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Король бұл аймаққа жойқын су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау үшін келген болатын. Алайда тұрғындар оны «қанішер» деп атап, өз наразылықтарын білдірді. Айтуларынша, төтенше жағдай кезінде билік дер кезінде әрекет етпей, баяу қимылдаған. Көпшіліктің пікірін тыңдаған Филипп VI елді сабырға шақырып, ары қарай көшелерді аралап шықты.
Қазан айының соңында Испанияның шығысында қатты жаңбыр жауып, Валенсия провинциясында су тасқыны болған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, төтенше жағдай салдарынан 200-ден астам адам қаза тапқан.
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Қырғызстанда «Яндекс.Такси» кеңсесіне тінту жүргізілген
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қараша, 2024