Әлемде

«Көңілім қалды»: Трамп Ресейге шүйлігіп, дүйсенбі күні мәлімдеме жасайтынын айтты

Ол NBC арнасына берген сұхбатында Мәскеуден көңілі қалғанын жеткізіп, алдағы аптада маңызды мәлімдеме жасайтынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қатысты пікір білдіріп, жаңа келісім туралы айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп NBC арнасына берген сұхбатында:

– Ресейден көңілім қалды, бірақ алдағы бірнеше аптада не боларын көре жатармыз, – деді.

Сондай-ақ ол АҚШ, НАТО және Украина арасында жаңа келісімнің жасалғанын мәлімдеді. Бұл келісім бойынша АҚШ қаруды НАТО-ға сатады, ал альянс оны Украинаға жеткізеді.

– Біз НАТО-ға қару-жарақ береміз, ал олар оның толық құнын өтейді және ары қарай таратады, – деді Трам.

Алайда Трамптың бұл жерде қаруды НАТО-ның ортақ бюджеті арқылы алады ма, әлде әр елдің ұлттық бюджеті арқылы алады ма ашып айтпады.

НАТО-ның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, альянстың жылдық бюджеті — 4,6 миллиард еуро. Бұл сома Украинаға көрсетіліп жатқан көмектен әлдеқайда аз.

Айта кетейік, бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц АҚШ-тан Patriot жүйелерін сатып алып, Украинаға беруге дайын екенін мәлімдеген болатын.