Әлемде

Молдовада парламент сайлауы басталды

Бұл туралы Sputnik Молдова агенттігі мәлімдеді

Молдовада парламент сайлауы өтіп жатыр. Ел ішінде де, шетелде де сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Республика аумағында 2200-ден астам сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, шетелде 301 учаске ашылған, оның ішінде Приднестровьеде – 12. Дауыс беру құқығына шамамен 3,3 миллион азамат ие.

Бұл жолы тұрғындар алдағы төрт жылға депутаттарды сайлайды. Парламентке өту үшін 15 партия, 4 блок және 4 тәуелсіз кандидат бақ сынап жатыр. Жалпы парламентте 101 орын бар. Тәуелсіз кандидаттардың өту шегі – 2%, партиялар үшін – 5%, ал блоктар үшін – 7%.

Орталық сайлау комиссиясы 3400-ден астам бақылаушыны тіркеді. Олардың арасында 20-дан астам елдің өкілдері, ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, ЕО ұйымдарының мүшелері бар.

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 21:00-де (Астана уақытымен 23:00) жабылады. Қажет болған жағдайда дауыс берушілер бар кезде жұмысы екі сағатқа дейін ұзартылуы мүмкін.