жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нью-Йорктегі атыс: 3 адам қайтыс болды

Нью-Йорктегі атыс: 3 адам қайтыс болды
Фото: Азертадж
Бұл туралы АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі жазды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданындағы түнгі клубта атыс болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Агенттіктің хабарлауынша, Нью-Йорк полиция басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 3 адам мерт болып, тағы 8 адам жарақат алды. 

Полиция бірнеше адамның оқ атқанын, бірақ әлі ешкім жауапқа тартылмағанын хабарлады. 

Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нью-Йорк қаласының Манхэттен орталығындағы зәулім ғимаратта белгісіз адам автомат қаруынан оқ жаудырғанын жазған едік. 

CBS News телеарнасының мәліметінше, атыс кезінде бір полицей мен оның әріптесі қаза тапқан, ал екі бейбіт тұрғын ауыр жараланған. Ал CNN және Fox News телеарналарының хабарлауынша, кемінде бес адам көз жұмған, олардың арасында шабуылдаушының өзі де бар болатын.

 

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар