Әлемде

TikTok келісімі аясында АҚШ қазынасына $10 млрд түсуі мүмкін

Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі TikTok-тың америкалық бизнесін басқаруға қатысты келісім аясында шамамен $10 млрд алуы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Silk way телеграм арнасына сілтеп.

Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Келісім бойынша Қытайдың ByteDance компаниясы TikTok-тың АҚШ-тағы операцияларын басқару құқығын америкалық инвесторларға береді. Олардың қатарында Oracle, Silver Lake және MGX сияқты компаниялар бар.

Басылымның мәліметінше, инвесторлар АҚШ Қаржы министрлігіне қазірдің өзінде $2,5 млрд аударған. Қазіргі уақытта TikTok қолданбасын АҚШ-та 200 млн-нан астам адам пайдаланады.