жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп АҚШ-тағы TikTok бөлімшесін 14 млрд долларға сатуға келісім берді

Трамп АҚШ-тағы TikTok бөлімшесін 14 млрд долларға сатуға келісім берді
Getty Images / Leon Neal
АҚШ бұрынғы президенті Дональд Трамп TikTok-тың америкалық бөлігін сату туралы жарлыққа қол қойды.

Енді сервистің АҚШ-тағы қызметін Oracle және Silver Lake қоры жетекшілік ететін инвесторлар тобы басқаратын болады. Мәміленің жалпы құны – 14 млрд доллар, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Келісімге сәйкес, Oracle мен Silver Lake TikTok US-тің шамамен 50%-ын алады. Қазіргі ByteDance инвесторларына – Susquehanna, General Atlantic және KKR-ға – тағы 30%-ға жуық үлес тиесілі болады. Ал ByteDance үлесі 20%-дан аз болуға тиіс. Бұл 2024 жылы қабылданған заңның талабы еді: ол TikTok-тың америкалық активтерін сатуды міндеттеген. Жаңа акционерлер арасында Майкл Делл мен Руперт Мёрдок та бар.

Келіссөздердегі басты тақырып – TikTok-тың ұсыныстар алгоритмі. Оны қайта оқытып, АҚШ-тың қауіпсіздік серіктестері бақылауына алмақ. Директорлар кеңесінде жеті орынның алтауы америкалық өкілдерге беріледі, ал ByteDance бір мүшесін ғана ұсына алады.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің айтуынша, TikTok US-тің 14 млрд долларға бағалануы күткеннен әлдеқайда төмен. Көктемде сарапшылар компанияның алгоритмсіз құнын 30–40 млрд доллар көлемінде болжайтын. Ақ үй нақты бағалау әдісін түсіндірмеді.

«Қытай тарапынан қарсылық болғаны рас. Бірақ біздің басты мақсатымыз – TikTok-тың жұмысын тоқтатпау, әрі америкалықтардың деректерін заңға сай қорғауды қамтамасыз ету», – деді Вэнс Ақ үйдегі брифингте.

Трамп мәміле жайын Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен тікелей талқылап, оның келісімін алғанын жеткізді.

TikTok АҚШ-та ең танымал әлеуметтік желілердің бірі болып қала береді. Қазір сервиске 170 млн-ға жуық адам тіркелген.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар