Әлемде
Трамп америкалықтарға 2000 доллардан беруге уәде етті
- авторБақытжан Бекболат
- 10 қараша, 2025
- 204
Бұл қаржы жоғары табысы бар тұрғындарға берілмейді
АҚШ президенті Дональд Трамп кедендік алымдардан түскен кірістер есебінен әрбір америкалық азаматқа 2000 доллар көлемінде төлем жасау жоспарын жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Трамптың айтуынша, АҚШ кедендік баждардан триллиондап табыс түсіріп отыр және жақын арада 37 триллион долларлық мемлекеттік қарызды өтеуді бастамақ.
«Кедендік баждарға қарсы шығу – ақымақтық. Бүгінде біз әлемдегі ең бай әрі ең құрметті мемлекетпіз. Инфляция дерлік жоқ, ал қор нарығы рекорд жаңартуда. Елге бұрын-соңды болмаған көлемде инвестициялар тартылып, жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылып жатыр», – деп жазды ол Truth Social парақшасында.
Айта кетсек, биылғы сәуірде Ақ үй басшысы бірқатар елдерге қатысты жаңа кедендік тарифтер енгізілетінін мәлімдеген еді.






