Әлемде

Трамп пен Си Цзиньпин Сеулде кездесу өткізеді

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуі 30 қазан күні Оңтүстік Корея астанасы – Сеулде өтеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу Трамптың Азия елдеріне жоспарланған ресми сапары аясында ұйымдастырылады. Мемлекет басшысы бұл сапарда Малайзия, Жапония және Оңтүстік Кореяға бармақ.

Екі ел көшбасшыларының кездесуінде экономикалық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ. Келіссөздер Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы саммиті шеңберінде өтеді.

Сондай-ақ, Трамп сапар барысында Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаитимен де кездеспек.