жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп шатдаунның аяқталатынын мәлімдеді

Трамп шатдаунның аяқталатынын мәлімдеді
Getty Images
АҚШ-та үкімет жұмысы шамамен 40 күн бойы тоқтап тұрды. Бұған Конгрестің мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру туралы ортақ келісімге келе алмауы себеп болды.

Бұған дейін ел тарихындағы ең ұзақ үкіметтік тоқырау (шатдаун) Дональд Трамптың алғашқы президенттік мерзімінде тіркелген еді — ол кезде үкімет 35 күнге жұмысын тоқтатқан болатын, деп хабарлайды Jambylinfo.kz BBC.com-ға сілтеме жасап.

«Шатдаунның аяқталуына аз қалды. Жақын арада бұл туралы естисіздер», — деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Сенаторлардың келісімге келуі үкімет жұмысын қайта жандандыру жолындағы алғашқы қадам саналады. Енді заң жобасы Сенаттан кейін Өкілдер палатасында қаралып, одан соң Трамптың қол қоюына жіберіледі. Бұл процесс бірнеше күнге созылуы мүмкін.

Қаржыландыру мәселесінде ұзақ келіспеушілік байқалды. Демократтар Medicaid бағдарламасын қысқартуды тоқтатуды және жыл соңында аяқталатын медициналық сақтандыруға берілетін салықтық жеңілдіктерді ұзартуды талап етті. Ал республикалықтар мұндай ұсыныстармен келіспеді.

Шатдаун салдарынан 1 қазаннан бастап шамамен 1,5 миллион мемлекеттік және әскери қызметкер ақысыз демалысқа жіберілді. Кейбір қызметкерлер еңбекақысыз жұмысын жалғастыруға мәжбүр болды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар