Әлемде

Украина мен Ресейдің келіссөздері: тараптар неге уағдаласты

Ресей мен Украина делегациялары қазіргі уақытта Чираган сарайында. Ресейлік агенттіктердің деректеріне сәйкес, делегация басшылары жеке форматта кездесіп жатыр.

Келіссөздер алдында украин делегациясы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, Зеленский, Путин, Трамп және Ердоғанның кездесу қажеттілігі талқыланған.

Владимир Зеленскийдің Ресей президентімен кездесуге дайын екенін «РБК-Украина» дереккөзі растады. «Бұл мәселені Ресей созып келеді. Біз бұл тармақты бекіту үшін үшінші рет келіп отырмыз», – деді ол. Сондай-ақ, күн тәртібінде азаматтық инфрақұрылымға жасалатын соққыларды тоқтату, тұтқын алмасу және украиналық балаларды қайтару мәселелері бар.

Зеленский Telegram-да Украина келіссөздерде атысты дереу әрі толық тоқтатуды талап ететінін жазды.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, кездесу барысында маусым айында ұсынылған атысты тоқтату туралы меморандумдар талқыланады. Ол Киев пен Мәскеудің бұл мәселедегі ұстанымдары мүлде қарама-қайшы екенін айтты.

Ресей делегациясын Владимир Мединский, Украина делегациясын Рустем Умеров басқарып отыр. Бұған дейінгі тікелей келіссөздердің жалғыз нәтижесі – тұтқындармен ауқымды алмасу болды.