дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 14:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қырғызстанда 29 баланы қаққан көлік жүргізушісі қолға түсті

Қырғызстанда 29 баланы қаққан көлік жүргізушісі қолға түсті
Сурет: gazeta.uz
Қазір оқыс оқиғадан зардап шеккендер саны 32 балаға жетті

Қырғыз Республикасының Созақ ауданында 29 баланы қағып кеткен жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады jambylinfo.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Октябрь Орманбетов өңірге барып, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Ал Қырғыз елінің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 25 баладан 32 балаға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 2 мамыр күні «Манас» эпосының аңызы бойынша ұйымдастырылған іс-шара барысында жүк көлігі 29 баланы қағып кеткен еді.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар