жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қыркүйекте қызметке келген Францияның премьер-министрі 27 күннен кейін отставкаға кетті

Қыркүйекте қызметке келген Францияның премьер-министрі 27 күннен кейін отставкаға кетті
Фото: АЗЕРТАДЖ
Лекорню жексенбі күні кешке жариялаған жаңа команда барлық жағынан сынға ұшырады

 6 қазан күні таңертең Елисей сарайында Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню отставкаға кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Le Figaro басылымының жазуынша, президент Эмманюэль Макрон оның отставкасын қабылдады. Лекорню Францияның премьер-министрі болып 9 қыркүйекте ғана тағайындалды, ол небәрі 27 күн қызмет атқарған. Бұл оны ел тарихындағы ең қысқа мерзім жұмыс істеген премьер-министр етіп отыр.

Лекорню жексенбі күні кешке жариялаған жаңа команда барлық жағынан сынға ұшырады.

Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұған шешімнің алдында министрлер кабинетін өзгертуге күш салу ниетін мәлімдеген бірнеше оппозициялық партияның сенімсіздік вотумы туралы қорқытуы түрткі болған. Елисей сарайы үкімет басшысының міндетін кім атқаратынын әлі жариялаған жоқ.

Еске сала кетсек, қатаң экономикалық үнемдеу жоспарына байланысты туындаған даулы жағдай салдарынан 8 қыркүйекте Франция парламентінің төменгі палатасы премьер-министр Франсуа Байруды қызметінен босатты. 

Айта кетейік, Франсуа Байру 2024 жылғы желтоқсанда премьер-министр болып тағайындалып, үш айдан кейін сенімсіздікке ұшыраған Мишель Барнье орнына келді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар