жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жасанды интеллект ұғымы мен оның адамзатқа төндіретін қауіптері туралы не білеміз?

Жасанды интеллект ұғымы мен оның адамзатқа төндіретін қауіптері туралы не білеміз?
istockphoto.com
Жасанды интеллект жүйелері ұсынатын жауаптардың шамамен үштен бірі ойдан шығарылған.

Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) жүргізген зерттеу нәтижесіне қарағанда, ChatGPT, Claude, Gemini және өзге де чат-боттар жауаптарының 40 пайызына дейінгі бөлігін ойдан шығарып, оны нақты дерек ретінде ұсынады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әсіресе бұл жағдай жаңалықтар тақырыбында, аймақтық оқиғаларға қатысты немесе бірнеше дереккөзді өзара байланыстыруға тырысқан кезде жиі байқалады, деп жазады Tagesschau.

Мысал ретінде түрлі чат-боттардың жалған тұжырымдары келтірілген: мысалы, ChatGPT кейде Рим Папасы Франциск әлі тірі деп айтуы мүмкін; Microsoft Copilot Швецияның НАТО-ға мүше екенін білмей қалса, ал Google Gemini АҚШ заңдарына қайшы болса да, Дональд Трамптың қайта сайлануы мүмкін деген пікір білдірген.

Зерттеушілердің айтуынша, адамдар чат-боттардың жауаптарына барған сайын көбірек сеніп, ақпаратты тексермей қабылдайтын болған. Мұндай үрдіс жалған мәліметтердің сайлаушылардың таңдауына немесе қоғамдық пікірге ықпал ету қаупін арттырады.

EBU сарапшылары жаңалық оқығанда тексерілген және сенімді ақпарат көздеріне жүгінуге, ал жасанды интеллекттің берген мәліметтерін міндетті түрде қайта тексеруге кеңес береді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар