Женевада Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді
Өткен жылы ол ұйымның Азия өңірі бойынша елшісі атанған болатын, ал биыл бұл миссиясы жаһандық деңгейге көтерілді.
Женевада өткен Халықаралық көші-қон ұйымы Кеңесінің 116-сессиясында Димаш Құдайбергенге Ғаламдық ізгі ниет елшісі атағы берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әнші шарада «SOS» композициясын француз тілінде орындап, залдың ерекше қошеметіне бөленді.
Мәртебе белгісін ХКҰ басшысы Эми Поуп табыс етіп, Димаштың мәдениет арқылы гуманитарлық бастамаларды қолдаудағы ықпалын жоғары бағалады.
Өткен жылы ол ұйымның Азия өңірі бойынша елшісі атанған болатын, ал биыл бұл миссиясы жаһандық деңгейге көтерілді.
Димаш жаңа атақты үлкен мәртебе әрі жауапкершілік деп қабылдайтынын айтып, ХКҰ құндылықтарын әлемге таныту жолында еңбек ете беретінін жеткізді.
Сондай-ақ ол өз сөзінде өнер адамының басты міндеті – бірлік пен бейбітшілікті насихаттау екенін де атап өтті.