Білім

Алғашқы сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1 - сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.