10 тамыз күні елімізде тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 14 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл сынаққа қатысуға шамамен 28 мың адам өтініш берген. Оның 65%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, ал 89 қатысушы ағылшын тілінде тапсырады.
Бірінші күні 2200 адам тест тапсыруда.
Бұл кезеңдегі ҰБТ-ға мектеп пен колледждің биылғы және өткен жылғы түлектері, қандастар, шетелде орта білім алғандар, шығармашылық мамандықтан басқа салаға ауысқысы келетін студенттер, педагогикалық бағытқа ауысуды жоспарлағандар және шартты түрде ЖОО-ға қабылданған студенттер қатысуда.
Ал колледж түлектері өз мамандығы бойынша университетте ақылы түрде білімін жалғастырғысы келсе, әңгімелесу нәтижесімен қабылдана алады. Мұндай қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүргізеді.
Ұқсас жаңалықтар
"Заң және тәртіп": Елімізде 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2025






