Қазақстандағы педагогтердің 95%-ы өз кәсібіне қанағаттанады
Қалыптасқан оң динамиканы ескере отырып, жүргізіліп отырған реформалар мазмұндық тұрғыдан жаңа кезеңге өтуде.
ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ брифингінде орта білім беру саласындағы басты өзгерістер жайлы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәселен, мұғалімдер жүктемесінің азаюы және әкімшілік рәсімдердің қысқаруы олардың кәсіби қызметіне шынайы көңіл бөлуіне мүмкіндік берген. Сонымен қатар педагог кадрлардың сапалық құрамы да нығайып, магистр дәрежесі бар мамандардың үлесі тұрақты өсім көрсетуде (11%).
Қалыптасқан оң динамиканы ескере отырып, жүргізіліп отырған реформалар мазмұндық тұрғыдан жаңа кезеңге өтуде. Осы ретте педагогтерді аттестаттау жүйесін түбегейлі жетілдіру мәселесі айрықша стратегиялық мәнге ие болып отыр. Себебі бұл тетік әрбір педагогтың кәсіби қызметіне тікелей ықпал етеді және білім беру сапасына әсер ететін маңызды құрал. Кәсіби ортада бұл өзгерістерге қатысты түрлі пікірлердің болуы заңды және үдерістің ашықтығын көрсетеді.