Қазақстандық оқушылар халықаралық робототехника чемпионатында топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 тамыз, 2025
- 459
Қазақстандағы «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары 7–10 тамыз күндері Макаода өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Робототехника, ғылыми зерттеулер және инновациялық жобалар саласындағы бұл чемпионатқа 30-дан астам елден 500-ден астам команда және 12 мыңнан астам қатысушы жиналды. Биылғы жылдың тақырыбы – суасты әлемін зерттеу.
Үш күнге созылған жарыс қорытындысында қазақстандық оқушылар әлемдік аренада ел абыройын асқақтатты. Нәтижесінде екі «Чемпиондар сыйлығы» қола медалін және чемпионаттың басты жүлдесін Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (6–10 жас, Explore санаты) мен Орал қаласындағы Оқушылар сарайының Subsquad командасы (10–16 жас, Challenge санаты) иеленді.
Сонымен қатар, қазақстандықтар алты арнайы қазылар алқасының марапатына ие болды:
Innovation Project Award – Алматы қаласындағы №97 мектептің Nova Team командасы;
Core Values Award – Leas оқу орталығының Alliance командасы;
Challenge Solution Award және Innovation Project Award – Түркістан облысындағы №33 мектептің AquaBots командасы;
Core Values Award және Engineering Excellence Award – Шымкент қаласындағы №149 мектептің Yassi командасы;
Challenge Solution Award – Қызылорда облысындағы №290 мектептің OtAi командасы;
Team Poster Award – Алматы қаласындағы №97 мектептің Arctic Rescuers командасы;
Team Model Award – Алматы қаласындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы Alem құрамасының Alem Innovators командасы.
Табиғат энергиясы: Жамбыл облысы экотуризм дамып келеді
Ұқсас жаңалықтар
"Заң және тәртіп": Елімізде 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2025




