жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде жаңа оқу жылының мерзімі мен каникул кестесі бекітілді

Елімізде жаңа оқу жылының мерзімі мен каникул кестесі бекітілді
Фото - ашық дереккөз
Бекітілген бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған оқу мерзімі, оқушылардың каникул кестесі және қорытынды аттестация уақыты бекітілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құжатқа сәйкес, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

1-11 (12) сыныптар үшін оқу тоқсандары мен каникул мерзімі:

1-тоқсан – 8 апта, күзгі каникул: 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша;

2-тоқсан – 8 апта, қысқы каникул: 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар;

3-тоқсан – 10 апта, көктемгі каникул: 2026 жылғы 19-29 наурыз;

1-сынып оқушыларына қосымша каникул: 2026 жылғы 9-15 ақпан;

4-тоқсан – 8 апта.

Қорытынды аттестация мерзімі:

9 (10) сыныптар – 2026 жылғы 29 мамыр – 11 маусым;

11 (12) сыныптар – 2026 жылғы 2-15 маусым.

9 (10) сыныптар үшін емтихан кестесі:

Математика (алгебра) – 29 мамыр;

Таңдау пәні – 3 маусым;

Қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс) – 8 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты) – 11 маусым.

11 (12) сыныптар үшін:

Қазақстан тарихы (ауызша) – 2 маусым;

Алгебра және анализ бастамалары – 5 маусым;

Қазақ/орыс/ана тілі – 9 маусым;

Таңдау пәні – 12 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті – 15 маусым.

Бекітілген бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар