«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында заманауи білім беру инфрақұрылымы қалыптасып келеді
- авторБақытжан Бекболат
- 16 шілде, 2025
- 1.2k
Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінгі таңда 122 мектептің құрылысы аяқталып, соның нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы жаңа, заманауи білім беру ортасымен қамтылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба аясында ауылдық инфрақұрылымға ерекше назар аударылуда: пайдалануға берілген мектептердің 40%-дан астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Оқушылар санына байланысты мектептер 300 орыннан 2 500 орынға дейін есептеліп салынады – бұл жобалауда нақты қажеттіліктерді ескеру қағидатына негізделген.
Географиялық орналасуына қарамастан шалғай елді мекен болса да, қала болса да барлық мектептер бірыңғай жоғары стандарттарға сай салынады. Архитектурасы, инженерлік шешімдері мен оқу ортасы қазіргі заман талабына толық сәйкес келеді және елімізде біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Жаңа мектептерде оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған ыңғайлы, қауіпсіз және эргономикалық білім беру кеңістігі жасалған. Ғимараттар бұрынғы стандарттармен салыстырғанда 15–20% кең, ал техникалық жабдықталуы 4 есе артық. Барлық мектептер заманауи жиһазбен және оқу құралдарымен толық қамтамасыз етілген, қауіпсіздік шаралары күшейтілген, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған бөлек блоктарқарастырылға.
Трамп Зеленскийге Мәскеуге соққы жасамауды ұсынды
Ұқсас жаңалықтар
"Заң және тәртіп": Елімізде 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қараша, 2025






