жұма, 17 сәуір, 2026 22:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі әзірленуде

Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі әзірленуде
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесін әзірлеу жұмысын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта құжаттың жобасы талқылау және келісу кезеңінде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан материалдар ресми бекітілген құжат болып табылмайды және ереженің соңғы редакциясы емес.

«Дүйсенбі күні аталған мәселе бойынша ресми брифинг өткізіліп, құжат жобасына қатысты жан-жақты түсіндірме беріледі. Брифингтен кейін жоба кеңінен қоғамдық және азаматтық қоғам өкілдерінің талқылауына ұсынылады.

Педагогтер қауымдастығының, сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстары министрлік үшін маңызды. Ашық әрі мазмұнды талқылау нәтижесінде тиімді және әділетті жүйе қалыптастыру көзделеді», - делінген хабарламада.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар