жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

130 оқушы «Өркен» грантының иегері атанды

130 оқушы «Өркен» грантының иегері атанды
Фото - ашық дереккөз
Салтанатты іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар қатысты

Білім күні қарсаңында Тараз қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде 2025-2026 оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Салтанатты іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Іс-шара барысында мерекелік әндер шырқалып, күй тартылды,  ұлттық және заманауи билер орындалды. Дәстүрге сай жаңа оқу жылының басталуын білдіретін алғашқы қоңырау соғылып, жас өркендер мектеп табалдырығын аттады.

Мерекелік жиында  мектеп директоры Гүлнұр Мақсұтқызы зияткерлерге жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтап, білім жолында табыс пен сәттілік тіледі. Білім ордасы басшысының сөзінше өткен оқу жылында 164 түлек қанат қақса, биыл аталмыш мектептің 7-сыныбына 130 оқушы «Өркен» грантының иегері ретінде қабылданған.

Салтанатты жиында оқушылар еліміздің Ата Заңының маңызына тоқталып, оның қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөліне ерекше мән берілді.

Айта кетейік, Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі бүгіндегі шаһардағы алдыңғы қатардағы білім ордаларының бірі саналады. Бүгінде мектеп оқушылары технология, инженерия мен математика секілді жаратылыстану бағыттары бойынша түрлі халықаралық дәрежедегі додаларда топ жарып жүр. 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар