Денсаулық

Қазақстан аумағында тұмаудың жаңа түрлері анықталған жоқ - ДСМ

Эпидемиологиялық маусым басталғалы елімізде ЖРВИ-дің шамамен 1,5 млн жағдайы тіркелген

ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев ЖРВИ және тұмау бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғалы елімізде ЖРВИ-дің шамамен 1,5 млн жағдайы тіркелген, бұл өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 20%-ға төмен. Тұмаудың 590 жағдайы зертханалық жолмен расталды, оның ішінде А типі – 587 жағдай.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Гонконг тұмауы жайлы айтып берді.  

Сонымен қатар, спикер анықталған вирустар ағымдағы маусымның екпе жасалатын штаммдарына толық сәйкес келетінін, сондықтан вакцина салдыру өзекті және ауыр аурулардың алдын алуда тиімді екенін атап өтті.