Қазақстанда дәрігер қабылдауына кезекті қысқарту үшін жасанды интеллектіні қолдану ұсынылуда
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:36
- 101
Үкімет отырысында медициналық құжаттарды толтыру процесін автоматтандыруға бағытталған «Ascle» стартап жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Біз дəрігерлерге арналған ЖИ жүйесін құрудамыз, ол: дəрігердің пациентпен диалогын тіркейді, сөйлеуді таниды жəне тіркейді, оны құрылымдалған медициналық деректерге айналдырады; алынған деректерді алғашқы қабылдау картасына жəне медициналық картаның негізгі бөлімдеріне автоматты түрде толтырады. Содан кейін алынған ақпарат контекстіне сəйкес оңтайлы емдеу мен тағайындауды ұсына отырып, алдын ала диагноз қояды», — деді стартап жетекшісі Сұлтан Жұмабаев.
Оның айтуынша, жүйе медициналық құжаттаманы жүргізуге кететін уақытты 50%-ға қысқартады, дəрігерге науқаспен тікелей байланысқа басым уақыт бөлуге көмектеседі, клиникаға пациенттерді көбірек қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінгі стартап 38 клиникада жəне еліміздің төрт өңірінде сынақтан өткізілген.




