Денсаулық

Журналистер «Almaz Medical Group» емханасының жұмысымен танысты

Іс-шара барысында өңірлік БАҚ өкілдері медициналық мекеменің қызметімен танысып, емхананың материалдық-техникалық жағдайын, емдік-диагностикалық кабинеттердің жабдықталуын және көрсетілетін қызмет сапасын көзбен көрді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен Тараз қаласындағы «Almaz Medical Group» ЖШС-нің базасында баспасөз туры өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Almaz Medical Group» — өңірдегі сұранысқа ие жеке медициналық мекеме, қызметтерін тек Тараз тұрғындарына ғана емес, аудан тұрғындарына да ұсынады. 2025 жылдың алғашқы алты айындағы деректерге сәйкес, емханаға тіркелген халық саны – 69 005 адам. Оның ішінде 40 261-і — ересектер, 24 867-сі — балалар мен жасөспірімдер. 

Емханада тәулік бойы жұмыс істейтін 11 төсек орындық стационар (оның ішінде 8 эндокринологиялық, 3 хирургиялық) бар. Мұнда қант диабетімен ауыратын пациенттер тұрақты медициналық бақылауда болып, емделеді. Хирургиялық оталар МӘМС аясында жасалады. Емханада күніне 40-50 пациентке медициналық оңалту қызметтері көрсетіледі. Қала тұрғыны Гүлжайна Қауымбаева «Almaz Medical Group» емханасына тіркелген. Оның айтуынша, замануй медициналық құралмен жабдықталған емханада пациенттер үшін барлық жағдай жасалған.