Экономика

Доллар мен еуро қанша теңгеден саудаланып жатыр

Ұлттық банктің 1 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,64 теңге

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 — 523 теңгеден саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 1 шілдеге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 519,64 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,62 теңге. Еуро — 609,23

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы —519 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 606 сату құны — 610.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523 теңге, сатып алу құны — 517 теңге. Еуро 604 теңгеден сатып алынып, 611 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,49— 6,60 аралығында саудаланып жатыр.