сәрсенбі, 1 сәуір, 2026 15:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 сәуірден бастап валюталық операцияларға жаңа бақылау енгізілді

1 сәуірден бастап валюталық операцияларға жаңа бақылау енгізілді
Фото: canva
Бұл есеп ай сайын ұсынылады.

Енді екінші деңгейлі банктер айырбастау пункттерінде жүргізілген барлық валюталық операциялар бойынша Ұлттық банкке тұрақты түрде есеп беруге тиіс, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл есеп ай сайын ұсынылады.

Құжатта халықпен жүргізілген валюта сатып алу және сату мәмілелері, ұйымдар арасындағы операциялар, сондай-ақ барлық келісімдердің жалпы саны мен көлемі көрсетілуі қажет. Бұдан бөлек, шетел азаматтарымен жасалған операциялар да назардан тыс қалмайды.

Есептер өңірлер, ірі қалалар және Астана бойынша жеке-жеке қалыптастырылады. Ал қала маңындағы бөлімшелердің деректері операция нақты қай жерде жасалғанына қарай тіркеледі.

Аталған жаңа талаптар 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар