Елімізде

2026 жылдан бастап қазақстандықтар байланыс жоқ жерлерден де SMS жібере алады

Бұл жоба ел аумағын толық қамтитын спутниктік байланыс жүйесін іске қосуды көздейді, оның ішінде қазіргі таңда жерүсті желісі жетпеген алыс өңірлер де бар.

Трансұлттық телекоммуникация компаниясы VEON Қазақстандағы Beeline операторымен бірлесіп, Starlink Direct to Cell жобасы аясында серіктестік орнатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жоба ел аумағын толық қамтитын спутниктік байланыс жүйесін іске қосуды көздейді, оның ішінде қазіргі таңда жерүсті желісі жетпеген алыс өңірлер де бар.

Жоба жүзеге асқан соң қазақстандықтар ұялы байланыс болмаған жерлерден де SMS хабарламаларын жібере алады. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады.

"Ұялы байланыс жоқ аймақтан қосымша құрылғысыз, тікелей спутник арқылы хабарлама жіберу мүмкіндігі — азаматтардың қауіпсіздігін арттыратын және кей жағдайда адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды жаңалық", – деді вице-премьер, министр Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, D2C жүйесі арқылы SMS жіберу қызметі қазақстандықтар үшін тегін болады.