«550 адамнан 5,5 млрд теңге алған»: Ақтауда алаяқтық жасаған компания басшылары сотталды
- авторМағжан Орынбасар
- 17 қазан, 2025
- 292
«Интерьер Строй Ақтау» ЖШС-нің басшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
— 2020-2023 жылдар аралығында «Интерьер Строй Ақтау» ЖШС-і тұрғын үй құрылысының нысандары бойынша салымшылармен алдын ала сатып алу-сату келісім шарттарын жасасып, шамамен 5,5 млрд теңге көлемінде қаражатты иемденген. Алайда, тұрғын үй нысандары бойынша құрылыс аяқталмай, салымшыларға уәде етілген баспаналар берілмеген, — делінген хабарламада.
«Интерьер Строй Ақтау» ЖШС-нің басшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталған.
— Прокуратура органдары «AQ QALA 2024», «Сұлтан-Жеңіс» және «Murager-Aktau» тұрғын үйлерінің салымшыларының мүддесін қорғау мақсатында пәтерлерді алдын ала сатып алу-сату келісім шарттарын бұзу, «Интерьер Строй Актау» ЖШС-нің құрылыс нысандарын тұрғын-үй құрылыс кооперивтерінің меншігіне беру туралы сотқа талап арыз берді. Ақтау қалалық № 2 сотының 2025 жылғы 5 және 9 қыркүйектегі шешімі бойынша прокуратураның талап арыздары қанағаттандырылды, — делінген прокуратура хабарламасында.
Сот шешімі салымшыларға мемлекет қолдауымен құрылысты аяқтап, болашақта баспаналарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, прокурорлар алаяқтардан зардап шеккен 550 салымшылардың құқығын қорғады.






