сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 12:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

АҚШ президенті Қасым – Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады

АҚШ президенті Қасым – Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады
Руслан Желдібайдың парақшасынан
Оның ішінде Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар

Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейінгі аз-кем әңгімелесу кезінде Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөліскен. Бұл туралы президенттің көмекші - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

 

- Құрама Штаттар көшбасшысы Қазақстан Президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты «халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам» деп сипаттады. АҚШ Президенті Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар, - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар