АҚШ президенті Қасым – Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады
Оның ішінде Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар
Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Президент Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейінгі аз-кем әңгімелесу кезінде Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөліскен. Бұл туралы президенттің көмекші - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz