Елімізде

Ақтауда $300 млн-ға жаңа теңіз портын салу жоспарлануда

Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.

Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында Маңғыстау облысында жаңа теңіз портының құрылысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде Қытайдың «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы таңдалған.

Бұл туралы Үкімет отырысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, инвестициялық жобаның құны шамамен 300 миллион долларды құрайды. Қазір инвестор компания өңірде ресми түрде тіркеліп, инвестициялық келісімге қол қоюға қажетті құжаттарды әзірлеуде.