Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
Ақтау қаласында 2 мамыр күні 31-шағынауданда орналасқан алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жану оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға туралы хабарлама жедел қызметтерге түскеннен кейін, оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілген. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.
"Өртті сөндіру және барлау барысында құтқарушылар үйден 14 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді", - деп мәлімдеді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.





