жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аида Балаева: мәдениет цифрланбаса – ол тұйықталады

Аида Балаева: мәдениет цифрланбаса – ол тұйықталады
Артем Чурсинов / BAQ.KZ
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта барлық тарихи-мәдени мұра нысандары кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіріледі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Aiqyn газетіне берген сұхбатында мәдениет объектілерін цифрлық форматқа көшіру, автоматтандырылған жүйелерді енгізу бағытында Жамбыл облысының тәжірибесіне сүйене отырып, өзге де өңірлерде жүзеге асыру қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

– Мысалға айтатын болсақ, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының коммерциялық табысы 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы табысы айына 1 млн теңгені құраса, осы жылдың мамыр-маусымдағы табысы айына 4,3 млн теңгеге жетті. Бұл жерден табыстың өсу динамикасын ескеріп, қазіргі кезеңде «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының объектілеріне, «Отырар» музей-қорығының «Отырар қалашығы», «Арыстан баба кесенесі» объектілеріне, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Қарахан кесенесі» объектісіне жоғарыда аталған автоматтандырылған жүйені енгізу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда бұл үдерісті кезегімен барлық тарихи-мәдени мұра объектілерінде енгізу қолға алынбақ, – деді министр өз сөзінде.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар