Алдағы күндерде ауа райы қандай болады
Оңтүстікте және шығыста суық толқыны екінші онкүндіктің басында күтіледі
Қыркүйектің соңында байқалған солтүстік-батыс антициклоны әкелген суық қазан айының басында да сақталады. Қазақстанның басым бөлігінде түнде -1…-6°С аяз, күндіз +2…+9°С жылы болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, бірінші онкүндіктің ортасына қарай Орта Азия мен Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массалары келіп, температура көтеріледі:
батыста түнде +7…+12°С, күндіз +17…+25°С;
солтүстік пен шығыста түнде +2…+8°С, күндіз +10…+18°С;
орталықта түнде +2…+7°С, күндіз +15…+23°С;
оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде +5…+12°С, күндіз +20…+28°С.
Онкүндіктің соңында елдің солтүстік-батысында температура аздап төмендейді. Ал оңтүстікте және шығыста суық толқыны екінші онкүндіктің басында күтіледі.
Екінші онкүндікте елдің басым бөлігінде қайтадан жылынып, күндіз +13…+18°С, оңтүстікте +22…+27°С болады.