жұма, 8 мамыр, 2026 16:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алдағы үш күнде елімізде жауын жауып, үсік жүреді

Алдағы үш күнде елімізде жауын жауып, үсік жүреді
Pixabay.com
Қазақстан аумағының басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

9 мамыр күні елдің солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс аймақтарында қатты жаңбыр күтілсе, 10–11 мамыр аралығында жауын-шашын шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерге ауысады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы ықтимал.

Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі болжанып отыр. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Ал түнгі және таңертеңгі уақытта кей аумақтарда тұман түседі деп күтіледі.

Сонымен қатар алдағы күндері ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Әсіресе, 11 мамырда еліміздің солтүстік жартысында түнгі уақытта 1–6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы өңірлер бойынша әртүрлі болады. Батыс аймақтарда +13…+28°С аралығында сақталса, солтүстік-батыста +10…+18°С, солтүстікте +5…+13°С болады. Орталық және шығыс өңірлерде +8…+18°С шамасында болса, оңтүстікте ауа температурасы +17…+26°С-қа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік-шығыста +15…+22°С, таулы аймақтарда +8…+13°С шамасында болады деп болжануда.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар