Елімізде

Алдағы үш жылда зейнетақы төлемдері қаншалықты өседі

2026–2028 жылдары Қазақстанда зейнетақы төлемдері кезең-кезеңімен өседі.

Қазақстанда алдағы үш жылда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер көлемі кезең-кезеңімен өседі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында бұл бағытқа бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын арта түспек.

Атап айтқанда, “Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру” саласына 2026 жылы 6,83 триллион теңге, 2027 жылы 7,51 триллион теңге, ал 2028 жылы 8,09 триллион теңге қарастырылған.

Бұл қаражат зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді толық әрі уақытылы төлеуге, еңбек өтілі мен жасына байланысты зейнетақы тағайындауға, базалық зейнетақы мен түрлі әлеуметтік жәрдемақылар төлеуге, сондай-ақ 1,5 жасқа дейін бала күтімімен отырған ата-аналардың зейнетақы жарналарын субсидиялауға бағытталады.

Орташа зейнетақы мөлшері:

2026 жылы – 103 687 теңге,

2027 жылы – 108 940 теңге,

2028 жылы – 113 995 теңге.

Базалық зейнетақы мөлшеріндегі өзгерістер:

2026 жылдан бастап ең төменгі базалық зейнетақы күнкөріс минимумының 70%, ал ең жоғарғысы 118% мөлшерінде белгіленеді.

2027 жылы ең жоғары көрсеткіш 120%-ға дейін өседі.

Орташа базалық зейнетақы:

2026 жылы – 54 082 теңге,

2027 жылы – 58 276 теңге,

2028 жылы – 61 527 теңге.