Алматы қаласының 112 пультіне Жетісу ауданында жеке тұрған бір қабатты ангар типті қойма ғимаратында өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құтқарушылар оқиға орнына 9 минутта жетті. Бірінші бөлімше жеткен кезде қойманы толығымен от шарпыған.
Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен жедел штаб құрылды. Өртті сөндірудің төрт жауынгерлік учаскесі ұйымдастырылды. Нысан алдын ала электр желісінен ажыратылып, өртті сөндіру және жанында орналасқан ғимараттарды қорғау үшін өрт сөндіру стволдары берілді.
Дереу жеткілікті күш пен құралдар тартылды. Өртті сөндіруге жедел қызметтер мен ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Барлық қатысушы бөлімшелердің жедел өзара әрекеттестігі қамтамасыз етілді.
Жағдай ТЖМ-нің бақылауында. Жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін өрт орнынан бейне трансляция нақты уақыт режимінде ТЖМ ахуалдық орталығына шығарылған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.




