2025 жылдың қаңтар–қыркүйегінде Алматыға 1,8 млн-нан астам турист келді.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1% көп. Оның 1,3 млн-ы – ішкі туристер, деп хабарлайды Jambylinfo.kz SilkWay телеграм арнасына сілтеме жасап.
Шетелдік келушілер саны 11%-ға өсіп, 563 мың адамға жетті. Ең көп турист Ресейден (124,2 мың), Қытайдан (102,1 мың) және Үндістаннан (85,6 мың) келген. Қытай туристерінің саны бір жылда 40% артқан.
Алматыға қызығушылық танытатын өзге елдер – Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ұлыбритания және Италия.
Қалаға сұраныс әлемдік деңгейде де өсіп жатыр: CNN Алматыны 2025 жылы баруға ұсынылатын бағыттардың қатарына енгізді, ал The Telegraph шаһарды «Орталық Азияның інжу-маржаны» деп атады.






