дүйсенбі, 27 сәуір, 2026 17:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматыда жүк көлігі апатқа ұшырап, жүргізуші қаза тапты

Алматыда жүк көлігі апатқа ұшырап, жүргізуші қаза тапты
Фото: t.me/halyqstan
Ауыр жарақат алған жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Алматыда жүк көлігі қатысқан жол апаты адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай 26 сәуір күні таңғы сағат 09:50 шамасында Медеу ауданында болған. Алдын ала деректерге сәйкес, Howo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Нұрмағамбетов көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, тежегіш жүйесінің істен шығуына байланысты көлікті басқара алмай қалған.

Салдарынан жүк көлігі жол жиегіндегі металл қоршауға және үш жеміс ағашына соғылып, кейін аударылған. Ауыр жарақат алған жүргізуші оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің Анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар